Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің кандидатурасын вице-президент қызметіне ұсынды. Кандидатураны Құрылтайдың жалпы отырысына қатысқан депутаттар қолдады.
Дауыс беру нәтижесінде 145 депутаттың 141-і Ерлан Қаринді вице-президент қызметіне тағайындауды қолдап дауыс берді.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
