«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Қазақстанда Жасанды интеллект министрлігі құрылды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайта ұйымдастырылып, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды.

Жарлықта:
«Инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді Ғылым және жоғары білім министрлігіне бере отырып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылсын», – делінген.

Сонымен бірге, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігіне бұрынғы ведомствоның құқықтары мен міндеттері беріліп, олар құқықтық мирасқор болып бекітілді.

Жарлық 18 қыркүйектен бастап күшіне енді. Оның орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында Үкіметке Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда көліктің нөміріне қарай көшеге шығу шектелуі мүмкін

Qaznews24 парақшасы жабылды: Темірлан Еңсебекке қатысты іс жалғасуда

Алматыдағы жерді жалға алғаны үшін АҚШ Қазақстанға қанша ақы төлейді – СІМ жауап берді

Redaktor Shyn-Ar