«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлемБасты ақпаратСаясат

Тоқаев Трамп бастамашы болған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Қол қою рәсімі барысында Тоқаевтың Дональд Трампқа жақындап, бірнеше сөз айтқаны байқалды. Бұған жауап ретінде АҚШ Президенті Қазақстан басшысының иығынан қағып, ілтипат білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» атты ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы маңызды жетістік ретінде атап өтілгеніне назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы АҚШ көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі.

Өз кезегінде Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен бөлек, 18 елдің басшылары мен жоғары деңгейдегі өкілдері қатысты.

Давос форумы аясында Мемлекет басшысы бірқатар қысқаша кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен әңгімелесті.

Ұқсас жаңалықтар

Ай сайын 178 мың теңге – қазақстандықтар неге ең көп қаражатты тамаққа жұмсайды?

Депутат Базарбек 20 миллион теңге жалақыға қатысты сөзін түсіндірді

Redaktor Shyn-Ar

Қазақша білетін жастардың мұндай биік мәдениеттен хабары жоқ»: Almaty Museum of Arts музейіне бойкот жарияланды