«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚоғам

Қостанайда ресейлік әскери мейрам атап өтілді: жергілікті билік заңбұзушылықты растады

2025 жылғы 27 шілдеде Қостанай қаласының орталығындағы жағалауда белгісіз топ адамдар Ресейдің Әскери-теңіз флоты күнін атап өтті. Әлеуметтік желілерде жолақ жейде киген қатысушылардың видеолары кеңінен тарады.

Бұл ақпаратты Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков растады. Оның айтуынша, аталған шараны өткізу бойынша қалалық әкімдікке ешқандай ресми өтініш түспеген және іс-шара жергілікті билікпен келісілмеген.

– «Мәдени іс-шараны өткізу туралы әкімдікке ресми арыз келіп түспеген. Ұйымдастырушылар тарапынан алдын ала келісім алынбаған», – деді Дүйсеков.

Шара ұйымдастырушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар әкімшілік жазаға тартылатын болады.

– «Іс-шара келісілмегендіктен, жауапты тұлғаларға қатысты әкімшілік шара қолданылады», – деп мәлімдеді ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Дереккөз: ұлысмедиа

@shynar.kz4

2025 жылғы 27 шілдеде Қостанай қаласының орталығындағы жағалауда белгісіз топ адамдар Ресейдің Әскери-теңіз флоты күнін атап өтті. Әлеуметтік желілерде жолақ жейде киген қатысушылардың видеолары кеңінен тарады. Бұл ақпаратты Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков растады. Оның айтуынша, аталған шараны өткізу бойынша қалалық әкімдікке ешқандай ресми өтініш түспеген және іс-шара жергілікті билікпен келісілмеген. – «Мәдени іс-шараны өткізу туралы әкімдікке ресми арыз келіп түспеген. Ұйымдастырушылар тарапынан алдын ала келісім алынбаған», – деді Дүйсеков. Шара ұйымдастырушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар әкімшілік жазаға тартылатын болады. – «Іс-шара келісілмегендіктен, жауапты тұлғаларға қатысты әкімшілік шара қолданылады», – деп мәлімдеді ішкі саясат бөлімінің басшысы. Дереккөз: ұлысмедиа

♬ оригинальный звук - ShynAr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов: Жұмыссыздық мәселесін шешуде инвесторлардың атсалысуы маңызды

Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Касым-Жомарт Токаев дал поручения новому акиму области Улытау

Дамир Оразбаев