«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қызғалдақты жұлған адамға 12 миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін

Түркістан облысының полициясы Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған әйелді іздеп жатыр. Ордабасы ауданында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Сирек кездесетін гүлдерді жинауға заңмен тыйым салынған, енді полиция қызметкерлері видеодағы адамның кім екенін анықтайды.

Видеодан Грейг қызғалдағы гүлдей бастағанда кейбіреулері оның әсемдігіне таңданса, ал біреулері заңды бұзып, гүлдерді жұлып алатыны көрінеді.

Сәуір басталғалы полиция мұндай жағдайларды іздеу мақсатында әлеуметтік желілерді үнемі бақылап отырады. Айта кетейік, жабайы қызғалдақтар 4 жылдан 7 жылға дейін жерде сақталуы мүмкін тұқым арқылы көбейеді. Гүлді жұлса, тұқымы да жоғалады, осылайша жаңа гүл шығуы сирей түседі.

Қызғалдақ Қызыл кітапқа енген. Оны жұлғаны үшін ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Бұл үшін 3000 АЕК-ке дейін (11 796 000 теңге) айыппұл не қоғамдық жұмыстарға 800 сағатқа дейін тарту түріндегі жаза не 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы берілуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Меньше месяца до штрафов: 2,5 тысячи мопедов зарегистрировали в Алматы

Дамир Оразбаев

Елімізде екі жоғары оқу орнының атауы өзгерді

Redaktor Shyn-Ar

Мопедті қалай тіркеуге болады — ІІМ түсіндіріп берді

Пікір жазу