«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемСаясат

Министрлік Трамптың баж салығы туралы хатына түсініктеме берді

Трамптың баж салығы жайлы хаты: министрлік мәлімдеме жасады
ашық дереккөзден

Сауда және интеграция министрлігі 7 шілдеде АҚШ президентінен 1 тамыздан бастап жаңа импорттық баж салығы енгізілетіні жөнінде ресми хабарлама алғанын мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын барлық өнімге бірыңғай 25 пайыздық баж мөлшерлемесі белгіленген. Алайда отандық экспорттың негізгі бөлігін мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты стратегиялық шикізат тауарлары құрайды. Бұл өнімдер жаңа салықтан босатылады.

«Жаңа шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді», – делінген ресми хабарламада.

Қазақстан Үкіметі АҚШ-пен сауда режимін сақтау мақсатында өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты ұсыныстарын жолдаған.

«Қазақстанның мақсаты – нарыққа қол жеткізу мен сауда шарттарын оңтайландыру. Қазіргі уақытта америкалық тарап ұсыныстарды қарастырып жатыр, келіссөздердің нақты күні кейін хабарланады. Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында келіссөздерге дайын», – деп мәлімдеді ведомство.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4%-ға жоғары (4,1 млрд АҚШ доллары). Экспорттың негізгі бөлігі мынадай:

  • Шикі мұнай – 1,1 млрд доллар (56,2%)

  • Уран – 322,9 млн доллар (16,4%)

  • Күміс – 239,9 млн доллар (12,2%)

  • Ферроқорытпалар – 188,2 млн доллар (9,5%)

  • Тантал және оның бұйымдары – 17,6 млн доллар (0,89%)

2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында тауар айналымы 1,27 млрд АҚШ долларына жетіп, оның ішінде экспорт көлемі 418,2 млн долларды құраған.

Бұған дейін не белгілі болған?

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін мәлімдеген. Мәселен:

  • ЕО елдерінен – 20%

  • Швейцария – 31%

  • Ұлыбритания – 10%

  • Израиль – 17%

  • Қазақстан – 27%

Ең жоғары салық мөлшерлемелері Вьетнамға (46%), Камбоджаға (49%) және Лаосқа (48%) жүктелген болатын.

Кейінірек Трамп әкімшілігі Қытайдан өзге елдер үшін баж салығын 90 күнге кейінге қалдырды. Осыдан кейін Қазақстан Сауда министрлігі өз ұстанымын ресми түрде білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды іске асыру жоспарына қол қойды

Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтады

Қоршау ішіндегі трагедия: Ит иесі кінәні балаға жапты

Пікір жазу