«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Астана полициясы Перизат Қайраттың изолятордағы зорлық-зомбылық туралы ақпаратты теріске шығарды

Астана полициясы Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғанын жоққа шығарды
ашық дереккөзден

Полиция Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны туралы шағымын жоққа шығарды

9 маусымда Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын алғанын мәлімдеген.

Аталған арыз бойынша жиналған материалдар Астана қаласы полиция департаментіне жолданып, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды. Полиция 6 маусымдағы бейнебақылау камерасының жазбасын желіге жариялады.

“Алғашқы тергеу нәтижелері бойынша Қайраттың камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіргені туралы мәлімдемелері расталмады. Бұл жағдайға қатысты Перизат Қайраттың арызындағы оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел ретінде қарастырылды”, – делінген полицияның хабарламасында.

Қазір қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске салсақ, Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылғанын айтып, көзіне жас алған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Конституциялық комиссия: Тоқаев Әзімова, Қарин және Жиенбаевты қабылдады

Актер Асанәлі Әшімов дүниеден өтті

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Назарбаевтың Путинмен не себепті кездескенін айтты