«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Назарбаевтың бейресми әйелі Мәскеудегі элиталы пәтердің иесі болып шықты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми жары Әсел Құрманбаева (Исабаева) Мәскеудің батысындағы элиталық жылжымайтын мүлікке иелік ететіні белгілі болды.

Ресейлік дерекқорлардағы мәліметтерге сәйкес, ол Рублёв тас жолы маңындағы клубтық үйден 300 шаршы метрлік пәтер мен екі автотұрақ орнына иелік етеді. 1999 жылы жеке жобамен салынған бұл үй саябақ ішінде орналасқан, аумағы биік дуалмен қоршалған, кіреберісінде шлагбаум мен күзет бар. Кешен Суворов саябағына іргелес, ал саябақ Мәскеу өзеніне дейін созылады. Нысан Звенигородская көшесінде, Кунцевская метро станциясына жақын жерде орналасқан. Құрманбаева бұл пәтерді 2017 жылдың қазанында сатып алған.

Пәтердің қазіргі нарықтық бағасын нақты айту қиын. Сол үйдегі сатылымдағы жалғыз пәтердің (340 м²) бағасы жарнамаларда әртүрлі көрсетілген — бірінде 290 млн рубль (1,95 млрд теңге), екіншісінде 512 млн рубль (3,4 млрд теңге). Ал бір жыл бұрын дәл сондай көлемдегі (300 м²) пәтер 180 млн рубльге (шамамен 1 млрд теңге) сатылған. Бастапқыда ол 220 млн рубльге бағаланған.

Әсел Құрманбаева бұған дейін «Пандора құжаттары» арқылы көпшілікке танылған. Тергеуде оның офшорлық компаниялар арқылы байлық жинағаны, сондай-ақ Назарбаевтың сенімді серіктестері саналатын Владимир Ким мен Владимир Ниге тиесілі компаниялардан 30 млн доллар алғаны анықталған.

Бұған қоса, Құрманбаеваға «Астана Балет» театры мен өзге де активтер берілген. Кейін театр мемлекет меншігіне қайтарылса да, ол көркемдік жетекші қызметін сақтап қалған.

Айта кетсек, 2023 жылдың қарашасында Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет өзінің екінші отбасын — жары Әсел Құрманбаева мен екі ұлын — ресми түрде мойындады.

2025 жылдың шілде айының соңында оның әпкесі Ақмарал Есполованың Дубайдағы люкс апартаменттері туралы да ақпарат жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: БАҚ ресейлік әскеридің соққы туралы түсініктемесін жариялады

Министрлік ҰБТ-ға қатысатын талапкерлерге үндеу жолдады

Касым-Жомарт Токаев дал поручения новому акиму области Улытау

Дамир Оразбаев