«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеуметБасты ақпарат

Өзбекстанда кітап оқыған тұтқынның жаза мерзімі қысқаруы мүмкін

Өзбекстан ішкі істер министрінің орынбасары Рамазон Ашраповтың айтуынша, 1 кітапты оқып, сол кітап бойынша емтиханды сәтті тапсырған азаматтардың жаза мерзімі 3 күнге қысқарту жоспарланған.

Заң жобасында шектеулер де бар, оған сәйкес сотталғандар жылына 10 кітаптан көп шығарма оқып, емтихан тапсыра алмайды. Сондай-ақ оқуға болатын әдебиеттердің тізімі де мемлекеттік ұйым бекітеді. Сарапшылардың пайымынша, жаңа заң жобасы сотталғандардың өмірі мен көзқарасына оң әсер етеді.

Жаңа заң жобасы сенаттың қарауына жіберілген. Одан кейін қол қою үшін Өзбекстан президентіне жолданады.

Ұқсас жаңалықтар

Касым-Жомарт Токаев осмотрел новый терминал аэропорта Шымкента

Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды

Онлайн-саудамен айналысатындар салық төлеушілер тізіміне енгізіледі

Пікір жазу