Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
Бүгінгі сот отырысында үкім 5 маусымда сағат 16.00-де шығатыны айтылды.
2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетілді. Сотта барлық тарап сөз сөйлеп, айыпталушылар соңғы сөздерін айтты.
Бұған дейінгі сот отырыстарында жәбірленуші тарап өкілдері, яғни марқұмның әжесі, ата-анасы, одан бөлек куәгерлер сөйлеген болатын.