«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

Таразда мәслихат депутаты соққыға жығылды: Күдікті ұсталды

Таразда мәслихат депутатының не үшін соққыға жығылғаны белгілі болды
ашық дереккөзден

13 сәуір күні Тараз қаласында Алматы облысы мәслихатының депутаты соққыға жығылды. Депутаттың мейрамханадағы қонақтардың бірімен жанжалдасқаны белгілі болды.

Тараз қаласында белгісіз ер адам ҚР депутаты әрі заңгер Нұрлан Байғазиевке шабуыл жасап, оның жақ сүйегін сындырды. Оқиға қоғамдық орында болған және бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға ұялы телефонды қуаттау мәселесі себеп болған. Депутат Байғазиев ерлі-зайыпты отырған үстелдің жанында телефонын қуаттамақ болған. Бұл әрекетке наразы болған әйел азаматша депутатқа балағат сөздер айтқан. Кейін жанындағы сақалды ер адам ашуға мініп, депутатқа қол көтерген. Жанжал барысында ер адам Байғазиевті кастетпен ұрып жіберіп, нәтижесінде депутаттың жақ сүйегі сынған.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Нұрлан Байғазиев ауруханаға жатудан бас тартқан. Ал оқиғаға қатысы бар күдікті ұсталып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Касым-Жомарт Токаев: Между Казахстаном и Италией выстроены весьма прочные отношения

Сара Алпысқызы тірі: Қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары минусқа кетті: БЖЗҚ себептерін атады

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу