«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілім

Тексеру қорытындысы – дабыл қағарлық: 54 асхана мен 191 мектептен кемшілік табылды

54 асхана, 191 мектеп: санитарлық тексеріс шындықты ашып берді
ашық днереккөзден

Қазақстан мектептерінде санитарлық жағдай сын көтермейді. Бұл — жеке көзқарас емес, ресми дерек. Жақында Денсаулық сақтау министрлігі ел мектептерінде жүргізілген санитариялық тексерулердің нәтижесін жария етті. Шенеуніктердің өзі мойындаған мәселе — елдегі білім ошақтарының көбі балалардың денсаулығына қауіп төндіріп отыр.

Министр Ақмарал Әлназарованың айтуынша, биыл тексерілген 191 мектептің 54-інде — яғни шамамен әрбір төртінші мектепте — асхана блогы тексерілген. Ал нәтижесі — көңіл құлазытарлық.

Тексеру кезінде апатты жағдайда тұрған мектеп ғимараттары, санитарлық рұқсатсыз жұмыс істеп тұрған оқу орындары, оқушыға шамадан тыс жүктеме түскен мектептер мен техникалық ахуалы нашар нысандар анықталған. Бұл дегеніміз — білім беру саласы жылдар бойы ескерусіз, бақылаусыз қалған.

Нақты деректер:

  • 150 ұйғарым берілген;

  • 12,8 миллион теңгеден астам айыппұл салынған;

  • 31 қызметкер жұмыстан шеттетілген;

  • 6 іс сотқа жолданған.

Бұл шаралар жүйелі мәселені шешуге жеткілікті ме? Әлбетте, жоқ. Бұл — симптоммен күресу ғана. Ал тамырына балта шабатын нақты реформа, жаппай тексеріс пен жауапкершілік тетігі әлі де белгісіз күйінде.

Министрдің өзі мойындағандай, санитарлық тексерулер саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 23 есеге азайған. Бұған себеп – прокуратура тарапынан бұрынғыдай жоспардан тыс тапсырмалардың болмауы.

Сұрақ туындайды: егер бақылау болмаса, білім мекемелері өздігінен тәртіп сақтай ма? Жоқ. Бұны биылғы тексеріс анық көрсетіп отыр.

Мәселені жеке мектептерге ысыра салу – шындықтан қашу. Бұл – жүйелік дағдарыс. Жауапты органдар — Білім және ғылым министрлігі, жергілікті әкімдіктер, санитариялық қадағалау мекемелері. Бірақ әзірге ешқайсысы нақты жауапкершілік алып отырған жоқ.

Жыл сайын күрделі жөндеуге бөлінетін миллиардтаған қаражат қайда кетіп жатыр? Мектептер әлі неге апаттық жағдайда тұр? Неге санитариялық талаптарға сай емес асханалар балаларға тамақ беріп жатыр?

Балалардың қауіпсіздігі — құр сөз күйінде қалуда

Мәселенің ауқымы — тек білім сапасы емес. Бұл — балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей қатер. Ал қазіргі жауап — формалды айыппұл мен қызметтен уақытша шеттету ғана. Сондықтан да, ел мектептерінде жағдай мәз емес. Оқушы саны көбейіп жатыр, мектептер ескіріп барады, ал жүйе — үнсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Маңғыстау облысы жасөспірімдер арасындағы жүктілік бойынша бірінші орында тұр

Redaktor Shyn-Ar

Депутат ірі қалалардағы көшелерге танымал тұлғалардың атын беруді ұсынды

Касым-Жомарт Токаев дал поручения новому акиму области Улытау

Дамир Оразбаев

Пікір жазу