«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

Тоқаев мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау жүйесіне қатысты жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 21 қазанда күшіне енген жарлығымен мемлекеттік органдардың қызметін бағалау және олардың рейтингін қалыптастыру тәртібін реттейтін бұрынғы ережелердің күші жойылды.

Аталған жүйе Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында енгізілген еді. Оған сәйкес, егер мемлекеттік орган рейтингте соңғы үш орынның бірін иеленсе немесе оның жауапкершілігіндегі сала көрсеткіштері үш жыл қатарынан төмендесе, Президент Әкімшілігі орган басшысын жауапқа тарту мәселесін көтере алатын. Дегенмен бұл талап министрлер мен әкімдерді автоматты түрде қызметінен босатуды көздемеген.

Мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау тәсілдерін қайта қарау туралы ұсынысты Жоғары аудиторлық палата көтерген. Палатаның мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың тоғыз түрлі форматы қолданылған. Олардың кейбірі бір-бірін қайталаған.

Бұрынғы тәртіптің күшін жою мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау тоқтайды дегенді білдірмейді. Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалауды жалғастырады.

Ал мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың жаңа тәртібі тиісті нормативтік құжаттар негізінде айқындалады.

Ұқсас жаңалықтар

Электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

Үкіметтің «Бәйтерекке» 1 трлн теңге бөлуі нені өзгертеді?

Мәскеуде қазақстандық банктің бұрынғы қызметкері ұсталды