«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

БҰҰ Бас хатшысы кім болады? Қазақстан маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік сыртқы істер министрі Лана Заки Нусейбенің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына кандидатурасын ұсыну бастамасын құптады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысын сайлау халықаралық қоғамдастықтың басты назарындағы мәселелердің бірі болып отыр. Бұл, ең алдымен, ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, орнықты дамуды қолдау және адам құқықтарын қорғау бағыттарындағы тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты.

Сонымен бірге сайлау үдерісінде бірқатар қиындықтар туындап отыр. Атап айтқанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде кандидатуралар бойынша ортақ келісімге келу мәселесі өзекті болып қалуда. Бұған бейресми дауыс берудің алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері дәлел.

Осыған байланысты Қазақстан үміткерлер қатарының кеңеюін қолдайтынын білдірді. Қазақстан тарапының пікірінше, жаңа кандидатуралардың ұсынылуы сындарлы диалогты жалғастыруға және барлық тараптың мүддесіне сай келетін шешім іздеуге қосымша мүмкіндік береді.

Қазақстан БҰҰ-ның халықаралық қатынастар жүйесіндегі орталық рөлін нығайтуға, ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға және жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп жауап берудің көпжақты тетіктерін жетілдіруге басымдық береді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында сөйлеген сөзінде келесі Бас хатшыны сайлау сессияның маңызды оқиғаларының бірі болатынын атап өткен.

Қазақстан жаңа Бас хатшыны іріктеу үдерісінің БҰҰ Жарғысына толық сәйкес келуін, ашық әрі инклюзивті өтуін және кандидаттардың кәсіби біліктілігі мен еңбегіне негізделуін жақтайды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Амантай қажының үстінен іс қозғалды

Трамп соғыстың қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

«Қазақтелекомға» қатысты тергеу басталды – Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Redaktor Shyn-Ar