«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

ҰҚК Қаңтар оқиғасында ұрланған кезекті қару-жарақтарды тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы қыркүйек айында полиция және прокуратурамен бірлесіп қару-жарақты іздестіру және заңсыз айналымнан алу мақсатында бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Рейд жұмыстары Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында жүргізілді.

Іздестіру шаралары барысында жалпы 62 бірлік қару-жарақ тәркіленді, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі бар. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, тәркіленген қарулардың ішінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 қару-жарақ анықталды.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу әрекеттері жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді заңды түрде тануды сұрады

Redaktor Shyn-Ar

Ермек Көшербаев сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Қазақстанның сыртқы қарызы 181,8 млрд долларға жетті