«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Үш жылда 805 млн теңге: «Самұрық-Қазына» төрағасының табысы жарияланды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022–2024 жылдар аралығындағы табысы туралы декларациясын жариялады.

Декларацияға сәйкес, қор басшысының соңғы үш жылдағы табысы 805 984 963 теңгеге жеткен.

Жылдар бойынша бөлсек:

  • 2022 жыл – 422 182 000 теңге

  • 2023 жыл – 186 543 551 теңге

  • 2024 жыл – 197 259 412 теңге

Осылайша, ең жоғары табыс 2022 жылға тиесілі болған.

Сонымен қатар, 2024 жылғы табысын «Самұрық-Қазына» қорының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Салтанат Сәтжан да декларациялаған. Оның бір жылдағы табысы 8 273 745 теңгені құрады.

Ал қордың Бейжіңдегі өкілдігінің басшысы Сәкен Мұратұлының жұбайы Гүлнұр Нүркеева 2024 жылы 96 314 355 теңге табыс тапқан.

Айта кетейік, бұған дейін шенеуніктер арасында алғашқылардың бірі болып ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2024 жылғы табысын жариялаған еді. Министрдің жұбайы Сәния Садықовамен бірге көрсеткен жалпы табысы 88 678 984 теңге болған.

Ұқсас жаңалықтар

Бала туу азайып барады: БҰҰ дабыл қақты

Redaktor Shyn-Ar

Трамп соғыстың қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

«Тамаққа малдың тезегін қосып берген»: Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Redaktor Shyn-Ar