«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘлеуметҚұқық

7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру – тым қатаң жаза – депутат

7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру
Көрнекі сурет

Мәжіліс депутаты Николай Арсютин ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына сауал жолдап, елде мас күйде көлік жүргізгендерге қатысты жазаны жеңілдету жөнінде бастама көтерді.

Мәжілісмен қолданыстағы заңнамада көрсетілген + және 15 тәулікке қамау жазасы тым қатаң деп мәлімдеді.

“7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру – әлемдегі ең қатаң жазалардың бірі, бірақ өзге жағдайларды есепке алмайды. Мысалы, жол апатының тіркелмеуі, алкогольдің аз мөлшерде анықталуы. Ең бастысы, мұндай қатал жаза тағайындауға медициналық қорытынды себеп болады”, – деді ол.

Николай Арсютиннің сөзінше, бұл жазаның кесірінен курьерлер, такси жүргізушілері жұмыссыз қалып, отбасын асырай алмай жатыр. Сондықтан жарты миллионға жуық адам тер төгетін такси мен жеткізу қызметі үшін үлкен мәселеге айналды дейді.

“Аталған бап енгізілгелі 200 мыңнан аса адам жауапқа тартылды. 2022-2024 жылдары тіркелген жол апатының саны 62 317, соның ішінде алкогольді ішімдік ішіп апат жасағандар саны 1 266. Германия, Франция, АҚШ пен Ресейде жазаның жеңілірек түрі қарастырылған. Осы тұста ішкі іштер министрлігіне келесі сұрақ туындайды: мұндай қатаң шара қабылдауға негіз бар ма? Бәлкім, куәландырудың нақты ережесін жасайтын уақыт келген шығар. Сонда әр адам зертхана таңдау құқығына ие болып, қайта тексерілуге мүмкіндік алар еді”, – деді Арсютин.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының бұрынғы бас сәулетшісінің ісі: әкімдік 6 миллиард теңгені өндіруге талап арыз берді

shyn_ar_admin

Қазақстанда жарты жылда пойыз билеттері екі рет қымбаттады

shyn_ar_admin

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Пікір жазу