«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Әлеумет

Ресейден Қазақстанға тағы төрт жолбарыс әкелінеді

Қазақстанға Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелінеді
Көрнекі сурет

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанға Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ақпанда осы мәселеге қатысты ресейлік әріптестермен меморандум аясында алғашқы кеңес өткен.

«Ресей Федерациясынан мамандар тобы келді, біз оларға инфрақұрылымды көрсеттік, яғни Ресейден алуды жоспарлап отырған жолбарыстарға дайындалып жатқан орынды таныстырдық. Ортақ түсіністік бар және менің ойымша, биыл тағы үш, ең көбі төрт жолбарыс әкелеміз. Осылайша, Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру жобасын толық көлемде іске асыруды бастаймыз. Дәл мерзімін айта алмаймыз, бірақ бұл мәселе бойынша ортақ түсінік бар», – деді Нысанбаев.

Сонымен қатар, министр Нидерландыдан Қазақстанға жеткізілген жолбарыстардың жағдайы туралы айтты.

«Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді, қазір олар Іле-Балқаш резерваты аумағында, ең қолайлы жағдайларда өмір сүріп жатыр. Олардың жағдайы өте жақсы. Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы да ақпарат бергенбіз – жыл аяғына дейін ұрпақ аламыз деп үміттенеміз», – деп түйіндеді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы әуежайындағы қызметкерді кепілге алған ер адамның соты басталды: Күдікті кінәсін толығымен мойындады

Қарағандыда 2 сәбиін сатқан көпбалалы ана сотталды

Семейде соққыға жығылған баланың отбасына қазақстандықтар 24 млн теңге жинап берді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу