«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Көлсай маңындағы зиратты қиратқан жігіт қамауға алынды

Көлсай маңындағы зиратты қиратқан жігіт қамауға алынды
Көрнекі сурет

Алматы облысында вандалдар зиратты қиратты. Оқиға Көлсай көліне жақын орналасқан Саты ауылында болған.

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Осы ауылдың бір жас жігіті зиратты қорлады. Ол мұны «дінімізге қайшы» деп түсіндірген. Құлпытастарды сындырған, олар жан-жаққа шашылып жатыр. Ауыл тұрғындары ата-бабаларының бейіттері осылай қиратылғанын көріп, ашуға булығуда, – деп жазды журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алматы облысының полиция департаменті вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізілуде. Әлеуметтік желілерде күдіктінің «салафизм» діни ағымының өкілі екені туралы тараған ақпарат алдын ала тексеру барысында расталмады. Тергеу аяқталғанға дейін жалған мәлімет таратпауға шақырамыз, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Ұқсас жаңалықтар

7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру – тым қатаң жаза – депутат

Redaktor Shyn-Ar

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады

Қазақстан елшілігі Түркиядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Пікір жазу