«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Қостанай облысында зираттарды су басты

Қостанай облысында зираттарды су басты
Ашық дереккөзден

Қостанай облысында айналма каналдың бітелуі салдарынан су тасып, зиратты басып қалды. Канал 2024 жылы көктемде Қарасу ауданында салынған. Бірақ ол үнемі бітеліп қалатын көрінеді. Тұрғындар көктем келе сала судың деңгейі көбейіп, ауыл судың астында қала ма деп қорқып отыр.

ТЖД НЕ ДЕЙДІ?

Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті Қарасу ауданына қарасты Новоселовка ауылында ауа температурасының төмендеуіне байланысты дренаждық арнада мұз қабаты пайда болып, салдарынан су ағып кеткенін хабарлады.

— Су зират аумағына жетіп, ішінара бейітті су басқан. Қазіргі уақытта су одан әрі тараған жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен каналды тереңдету және кеңейту, сондай-ақ Құндыз өзеніне өткізу үшін мұзды қопсыту бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілуде. Мамандандырылған техниканың алты бірлігі жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен жағдайды мониторингтеу мақсатында техникамен айналып өту жүзеге асырылады. Жағдай бақылауда, — деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

270 сарбаздың өлімі: министрлік себебін түсіндірді

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда жарты жылда пойыз билеттері екі рет қымбаттады

shyn_ar_admin

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

shyn_ar_admin

Пікір жазу