«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратҚоғамСот

Ұлтараздықпен екі жылға сотталған Жансұлу Дархамбаева сәбилі болды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сот ұлтаралық араздық қоздырды деп айыпталған Жансұлу Дархамбаеваны екі жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бүгін оның босанып, қыз баланы дүниеге әкелгені белгілі болды. Бұл туралы қоғам белсендісі, өңірге қазақтарды көшіруге үндеп жүрген «Tauekel» ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов Facebook парақшасында хабарлады.

«Сүйінші, ағайын! Солтүстіктегі Жансұлу Дархамбаева қарындасымыз салмағы 4 келіден асатын батыр қыз дүниеге әкеліпті. Екеуінің де жағдайы жақсы», – деп жазды Дақанов.

Оның айтуынша, Жансұлу Дархамбаеваның ісі бойынша облыс басшылығымен де байланыс орнатылған. Апелляциялық сотта бұл іс қайта қаралып, оң шешім шығуы мүмкін деген үміт бар.

«Ұлтараздық бабы бойынша сотталған, аяғы ауыр Жансұлу қарындасымыз жайлы облыс басшылығымен сөйлестім. Жағдай бақылауда. Қазір Жансұлу перзентханада. Жақын арада апелляциялық сот болады. Алғашқы белгілерге қарағанда, бәрі жақсы бағытта шешілуі ықтимал», – деді белсенді.

Еске салайық, сот процесі кезінде Жансұлу Дархамбаева өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан болатын. Ол бұған дейінгі өмір жолын баяндап, Сокологоровка ауылындағы мектепте жұмыс істеп жүрген кезінде орыс ұлтты әріптестер тарапынан қысым көргенін, мектеп директоры мен ата-аналардан қолдау таппағанын жеткізген.

2024 жылы ол Урожайное ауылына көшіп барып, жергілікті мектепке педагог-психолог ретінде орналасқан. Кейін директор қызметіне тағайындалған. Мемлекеттік тілді мектеп өміріне енгізуге талпыныс жасаған соң, әріптестері мен шаруашылық меңгерушісі тарапынан қарсылық пен қысымға ұшырағанын да мәлім еткен еді.

Еске салсақ, бұған дейін Путинге тарихи жерлер туралы үндеу жолдаған белсенді сотталғандығы жөнінде жазған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайға жер беріледі ме?: Министр жауап берді

Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

Redaktor Shyn-Ar

Астана әкімдігі гейлер арасындағы ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді

Пікір жазу