Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин “сән-салтанат салығы” бойынша жаңа деректерін бөлісті.
Жұманғарин «сән-салтанат салығы» бойынша тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынатынын жеткізді.
“Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланып отыр. Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылады”, – деді ол мәжіліс отырысында.
Сондай-ақ салық төлеушілермен жұмыстың сервистік моделі ұсынылады. Салықтық әкімшілік жазалауды тоқтатады.