«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСот

Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр – ІІМ вице-министрі жауап берді

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің жазасын қайда өтеп жатқаны туралы сұраққа Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов жауап берді.

Сенат кулуарында журналистердің сауалына жауап берген вице-министр Мәсімовтің қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазасын өтеп жатқанын айтты.

«Мәсімов қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазасын өтеп жатыр. Оның нақты қай жерде екенінен туыстары мен адвокаты хабардар», – деді Санжар Әділов.

Журналистер одан Мәсімовтің шынымен жазасын өтеп жатқанын растайтын фото немесе видео бар-жоғын да сұрады. Алайда вице-министр бұл мәселеге қатысты қосымша мәлімет бермей, оның заң талаптарына сай жазасын өтеп жатқанын тағы да қайталады.

Сонымен қатар тілшілер Мәсімовтің жеке, бөлек түрмеде отырған-отырмағанын сұрады. Бұл сауалға Әділов жазаны өтеудің әртүрлі түрі бар екенін және олардың заңда белгіленген тәртібі сақталатынын айтты.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынен кейін мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген күдікпен қамауға алынған болатын. Онымен бірге ҰҚК төрағасының орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылып, тергеуге тартылған.

2022 жылдың 10 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялаған еді. Комитет мәліметінше, тергеу барысында Мәсімовтің әрекеттерінен сыбайлас жемқорлық белгілері де анықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Тегін емнің тізімі: МӘМС жүйесіне жаңа аурулар енгізілді

Redaktor Shyn-Ar

Дәрігер қазақтарға етті шектеуге кеңес берді

Қазақстандық мұғалімдер енді аттестация тапсырмайды: Бірақ бұл бәріне қатысты емес