«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратТағайындау

“Қазақстан темір жолының” жаңа басшысы тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне Елжас Отыншиев тағайындалды.

Елжас Отыншиев 1982 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу физика-техникалық институтында білім алып, «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін иеленген.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу жөніндегі консультант ретінде бастаған. 2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарында түрлі жауапты қызметтер атқарды.

2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеп, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті. Ал 2023 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болды. Бұл қызметте мұнай-газ, теміржол, тау-кен өндірісі және өзге де стратегиялық салалардағы портфельдік компаниялардың қызметін үйлестіруге жауап берді.

2024 жылдың ақпан айынан бері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Мемлекеттік және корпоративтік басқару саласындағы көпжылдық еңбегі үшін 2023 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Ұқсас жаңалықтар

Өскеменде орыс тілді мектеп қазақ сыныбын ашып жатыр

Сәресі мен ауызашар дұғасы

Redaktor Shyn-Ar

Англияға жұмысқа жібереміз деген алаяқтар 300-ге жуық қазақстандықты алдаған

Redaktor Shyn-Ar