«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратЗаң

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің басқарма төрағасы – ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты Ғылым және жоғары білім министрлігі растады.

Министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің мәліметінше, Нұрлан Серғалиевті 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері ұстаған.

«Тергеу және өзге де процессуалдық әрекеттерге қатысты мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Университет заң талаптарына сәйкес тергеу жүргізіп жатқан мемлекеттік органдарға қажетті қолдау көрсетіп отыр», – делінген комитеттің хабарламасында.

Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі бұйрығымен университеттің басқарма төрағасы – ректорының міндетін уақытша атқарушы болып басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжаһан Қайсағалиева тағайындалды.

Өз кезегінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

«Билік қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме — Ерлан Қарин

«Қара теңіз есеп айрысатын алаң емес»: Ердоған Путинмен кездесуден кейін екі тарапты бейбітшілікті сақтауға шақырды

1 млрд долларлық жоба: Қазақстан вольфрамына америкалық инвестиция тартылуда

Redaktor Shyn-Ar