«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлемБасты ақпарат

Трамп Ресейге Украинамен соғысты тоқтатуға 10 күн уақыт берді

Трамп Ресейге Украинамен соғысты тоқтатуға 10 күн уақыт берді

АҚШ президенті Дональд Трамп: Украинамен бейбіт келісім болмаса, Ресейге қарсы шаралар қабылданады

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, Ресейге қарсы 10 күн ішінде кедендік баж салығы мен өзге де қатаң шаралар енгізілетінін мәлімдеді.

«Сейсенбіден бастап 10 күн. Бұл Ресейге әсер ете ме, білмеймін, себебі ол (Путин) соғысты жалғастырғысы келетін сияқты», – деді Трамп журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Ресей әзірге АҚШ-тың ұсыныстарына ресми жауап берген жоқ. Сонымен қатар, Трамп Ресейге қарсы ықтимал санкциялардың мұнай нарығына немесе жанармай бағасына әсері жөнінде алаңдамайтынын айтты. Ол бұл ретте АҚШ-тың ішкі мұнай өндірісін ұлғайту арқылы кез келген салдарды өтей алатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін, 14 шілде күні Ақ үйде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуі барысында Трамп Украинадағы қақтығыс 50 күн ішінде тоқтатылмаса, Ресей мен оның сауда серіктестеріне 100 пайыздық тариф енгізілетінін мәлімдеген болатын.

Сонымен бірге, АҚШ президенті Украинаға миллиардтаған доллар көлемінде әскери техника жеткізілетінін де атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесін бекітті

Redaktor Shyn-Ar

Құн салығын көтергеннен дағдарыс болмайды – Ұлттық экономика вице-министрі