«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратэкономика

Жол сапасы тексерілді: 53,4 млн теңге айыппұл салынып, 22 маман жұмыстан босатылды

Қазақстанда автомобиль жолдарының сапасына жүргізілген тексерістер нәтижесінде 1 670 ақау мен заңбұзушылық анықталды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылы жол жұмыстарының сапасына шамамен 50 тексеру жүргізілген.

Тексеру барысында жолдардан шұңқырлар, жарықтар, ойықтар, асфальтбетон жабынының ығысуы, жолтабанның пайда болуы және жолдардың пайдалану жағдайына әсер ететін өзге де кемшіліктер анықталған.

Қазіргі уақытта анықталған әрбір дерек бойынша жауапты тұлғалар белгіленіп, тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Жол жұмыстарының сапасын тиісті деңгейде бақыламаған техникалық қадағалау мамандарына жалпы сомасы 53,4 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, техникалық қадағалаудың 22 сарапшысы жұмыстан босатылды.

Айта кетейік, 22 қыркүйекте Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевқа жолдардың сапасын жақсарту қажеттігін айтқан еді.

«Жолдардың сапасына қатысты жағдайды жақсарту қажет. Жұмыс істеңіз, әйтпесе орныңызға басқа адамдар келеді», – деді Үкімет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

«Мен үшін бұл – үлкен сабақ»: Ресейлік блогер «Қазақстан» шоколадына қатысты сөзі үшін кешірім сұрады

Redaktor Shyn-Ar

Абай облысында шенеуніктерге 400 миллион теңгеге жиһаз алынады

Redaktor Shyn-Ar

Трамп өзін Нобель сыйлығына ұсынған Әзербайжан президентіне алғыс айтты

Redaktor Shyn-Ar