«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚұқық

Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды

Orda.kz басылымының бас редакторы, журналист Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды. Бұл туралы журналистің адвокаты Мұрат Адам мәлімдеді. Сот Гүлнар Бажкеноваға қатысты екі ай мерзімге үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған.Еске салсақ, бұған дейін Orda.kz редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік. 1 желтоқсан күні полиция Orda.kz басылымының кеңсесі мен Гүлнар Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізді. Журналиске бірнеше рет әдейі жалған ақпарат тарату дерегі бойынша айып тағылған.

Ұқсас жаңалықтар

«Маған бәрібір… Ленин! Нағыз алматылықтар солай айтады»: Белгілі блогердің мәлімдемесі дау тудырды

Қазақстан Ресей мұнайын өз зауыттарында өңдеуді қарастырып жатыр

Өзгенің ЭЦҚ-сын пайдаланған қазақстандықтарға айыппұл салынады