АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен жоспарланған кездесуге қатысты пікір білдірді.
Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап берген Трамптан тілшілер кездесудің не себепті кейінге шегерілгенін сұрады.
“Мен кездесуді жай өткізу үшін өткізгім келмейді. Уақытымды босқа жоғалтқым келмейді. Сондықтан алдымен жағдайдың қалай өрбитінін байқаймын”, – деді ол.
Сондай-ақ, Трамп алдағы екі күн ішінде Ресей мен Украинаға қатысты ұстанымын айқындауға көмектесетін жаңа деректерді күтетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін, 16 тамызда Аляскада Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөзі өткен еді. Алайда ол кездесу нәтижесіз аяқталған. Енді екі ел басшыларының екінші кездесуі Будапештте өтеді деп жоспарлануда.
