«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Алматыдағы опырылған жол: қадағалаушы компания лицензиясынан айырылды

    Алматыда опырылған жолдан кейін техникалық қадағалаушы компания аккредитациясынан айырылды. Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысында асфальттың опырылуына байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде «Алатау сапа құрылыс» ЖШС бақылауды тиісінше атқармағаны үшін жазаланып, аккредитациясынан айырылды. Ал «СПЕЦКОММУНСТРОЙ» ЖШС-не құрылыс нормаларын бұзғаны үшін заңбұзушылықтарды жою нұсқамасы берілді.

Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қаладағы құрылыс жұмыстарына бақылау күшейтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан топ қолға түсті

Сыртқы қарыз көлемі 170,5 млрд доллар: Қазақстанның қарызы өсті

Redaktor Shyn-Ar

Еліміздегі барлық шахталарды тексеру қажет — Мақсат Толықбай

Redaktor Shyn-Ar