«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСпорт

«Біз әлі талай қазақша сөйлейміз!»: Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін ресми мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қатысты туындаған допинг дауына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Боксшы өзінің таза екенін айтып, допинг-тестің B үлгісін ашуға ресми өтініш бергенін және қазіргі уақытта оның нәтижесін күтетінін жеткізді.

Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында былай деді:

«Қолдауларыңызға рахмет, шын жанкүйерлер! Бұйыртса, бұл да артта қалады. Бұрын салмақ жасай алмай қалғанда да біраз адам күмәнданған, кейін олар да жанкүйер болды. Бұл допинг дауы да шешіледі. Біз ең мықты командамыз және әлі әлемге қазақша сөйлейміз. Біз жастарға дұрыс жол көрсетуді жалғастырамыз, туды желбіретеміз. Мақсатымыз айқын, оны ешқандай қиындық өзгерте алмайды.»

Боксшы өз командасына толық сенетінін және ешқандай тыйым салынған зат қолданбағанын атап өтті:

«Сынап жатқандарға мән бермеңіздер! Олар бұрын да бар еді, төрт титул алғанда да бола берді. Біз тек алға жүреміз. Ең бастысы – біз тазамыз! Бізден ешқандай кінә немесе қателік кеткен жоқ. Барлығы бұрынғы витаминдер мен мәзір. Қазір анализдің екінші қорабын ашуға өтініш берілді, нәтижесін күтеміз.»

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы жоспар бойынша WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс еді. Алайда VADA сынамасында мельдоний табылғандықтан, жекпе-жек өтпейтін болды. Сол себепті Premier Boxing Champions ұйымы Жәнібектің орнына колумбиялық Йохан Гонсалесті шығаратынын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ

Әлем чемпионы Айсара Керімбекова 20 жылдан бері аула сыпырып жүр

«Дәрігер бар, ақша жоқ». Министр ауыл дәрігерлерінің ақшадан қағылғанын айтты

Redaktor Shyn-Ar