Алматыда жеке сот орындаушы өндіріп алынған қаражатты өз мүлкіне жаратып, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Қала прокуратурасының тексеруі барысында оның әрекеттерінде заң бұзушылық фактілері анықталды.
Тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушы өз қызметін пайдаланып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаражатты иемденгені белгілі болды. Сонымен қатар, ол Range Rover автокөлігін заңсыз иеленіп, мемлекетке 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды.
Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша жеке сот орындаушының қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.
Аталған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
