«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Жаңа Конституция күшіне енді: Қандай өзгерістер енгізілді

Қазақстан 1 шілдеден бастап жаңа Конституциямен өмір сүре бастады. Конституцияға жетінші рет өзгерістер енгізіліп, бұл жолы Негізгі заңның шамамен 84%-ы жаңартылды.

Негізгі өзгерістер:

  • Бір палаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын Құрылтай құрылады.
  • Вице-президент лауазымы қайта енгізіледі.
  • Президенттің 7 жылдық бір реттік өкілет мерзімі сақталады, кандидаттарға қойылатын талаптар күшейеді.
  • Шетелдік мемлекеттерге, компанияларға және азаматтығы жоқ адамдарға саяси партиялар мен кәсіподақтарды қаржыландыруға тыйым салынады.
  • Халықаралық шарттарды қолдану тәртібі енді ұлттық заңнамамен реттеледі.
  • Қос азаматтыққа толық тыйым бекітіліп, өзге елдің азаматтығын алған адам Қазақстан азаматтығынан айырылады.
  • Діннің мемлекеттен бөлінгені нақты жазылып, діни ұйымдардың қызметін заңмен шектеу негіздері кеңейтіледі.
  • Меншік иелеріне қоғам мүддесін, қоршаған ортаны және өзге азаматтардың құқықтарын сақтау міндеті жүктеледі.
  • Азаматтардың цифрлық деректері мен электрондық хат-хабарларының құпиялығы конституциялық деңгейде қорғалады.
  • Сөз бостандығына кепілдік сақталады, бірақ ұлттық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке және адам қадір-қасиетіне зиян келтіретін насихатқа қатысты шектеулер кеңейтіледі.
  • Ұсталған адамға оның не себепті ұсталғаны және қандай құқықтарға ие екені бірден түсіндіріледі.
  • Неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде нақты айқындалады.
  • Конституцияда медициналық көмек пен білімге қатысты «тегін» сөзі алынып тасталып, бұл қызметтердің мемлекет есебінен төленетіні нақтыланады.
  • Азаматтарға табиғатты қорғау және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау міндеті жүктеледі.
  • Бейбіт жиналыстарға қатысты шектеу қою негіздері кеңейтіліп, шерулер мен пикеттер туралы норма алынып тасталады.
  • Президенттің жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындау өкілеттігі кеңейтіледі, ал Құрылтай Үкімет қызметін бақылап, заң шығару қызметін жүзеге асырады.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Украинадағы соғыс аяқтала ма? Келіссөзге дейінгі текетірес күшейді

3 жасқа дейін жәрдемақы төлеу ұсынысы талқылануда