«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚұқықСот

Салымшылар ақшасына пәтер мен қымбат көлік алған: Amanat Drive ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

Салымшылардан 21 миллиард теңге жинаған: Amanat Drive қаржы пирамидасының бас ұйымдастырушысы қамауға алынды
ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Amanat Drive қаржы пирамидасының заңсыз әрекетін анықтады. Тергеу барысында ұйым тұрғындарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды уәде еткені белгілі болды. Алайда бұл міндеттемелер орындалмаған, ал мүлік ұйымдастырушылардың туыстары мен жақындарының атына рәсімделген.

Аталған қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартқан. Олардың жалпы салған қаражаты 21 миллиард теңгеден асады.

Агенттік мәліметінше, ұйымдастырушылар қылмыстық кірісті заңдастыру үшін күрделі көпдеңгейлі схема құрған. Олар өз бақылауындағы «Алло, не керек», «i-m@rketing», «Gold SapaPremium» ЖШС секілді заңды тұлғаларды пайдаланған. Бұл компаниялар жалған жеткізушілер ретінде көрсетіліп, шын мәнінде көрсетілмеген жарнама, талдау және консалтинг қызметтері үшін ақша аударылған. Осылайша, 1,8 миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыртқа шығарылған.

Заңсыз табыс есебінен элиталық пәтерлер, жеке үйлер және HUMMER H2 мен Lexus LX570 секілді қымбат көліктер сатып алынған. Бұл мүлік ықтимал тәркілеуден жасыру үшін сенімді тұлғалардың атына жазылған.

Қазіргі уақытта сот санкциясымен аталған мүлік пен тұтыну кооперативінің шоттарына бұғат қойылды. Қаржы пирамиданың бас ұйымдастырушысы қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Мәсімовтің үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

Зайсаннан газ табылса, Қытайға экспорттала ма? – министр түсіндірді

«Ақнар ісі» бойынша Алматы полициясы алғаш рет пікір білдірді

Пікір жазу