«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратМәдениет

8 НАУРЫЗ – АНАЛАР МЕРЕКЕСІ ТАРИХЫ, ИДЕОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ДІНИ ҰСТАНЫМДАР

8 НАУРЫЗ – АНАЛАР МЕРЕКЕСІ ТАРИХЫ, ИДЕОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ДІНИ ҰСТАНЫМДАР
Көрнеккі сурет

Сөз төркіні. Этимологиялық мәні

8 Наурыз мейрамы – қазіргі заманғы халықаралық әйелдер күні. Қазақ тілінде “Аналар күні”, “Әйелдер мерекесі” деп те аталады. Орысша: “Международный женский день”, ағылшынша: “International Women’s Day”. Сөздік тұрғыдан: “Наурыз” сөзі парсы тіліндегі “نو روز” (naw-ruz) – “жаңа күн” деген мағына береді. Бұл көктемнің, жаңарудың, жаңа өмірдің басталуын білдіреді. Этимологиялық тұрғыдан: “8 Наурыз” тарихи тұрғыдан батыстық еңбек қозғалысымен байланысты шыққанымен, кейін аналар мен әйелдерге арналған мерекеге айналды. Оның түп-тамыры әйелдердің құқықтарын қорғау қозғалыстарымен тікелей байланысты. 8 НАУРЫЗДЫҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУЫ I. 19 ғасырдың соңы – әйелдердің құқықтық күресі 1. 1857 жылы 8 наурызда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы тоқыма фабрикасының жұмысшы әйелдері ауыр еңбек жағдайларына қарсы ереуілге шықты. 2. 1908 жылы дәл осы күні Нью-Йорктағы 15 000-ға жуық әйел жалақының тең болуы, еңбек жағдайларының жақсартылуы және сайлау құқығы үшін шеруге шықты. 3. 1910 жылы Копенгагенде өткен социалист әйелдердің халықаралық конференциясында Клара Цеткин 8 наурызды әйелдердің халықаралық күрес күні ретінде белгілеуді ұсынды. II. Кеңестік дәуір және ресми мейрамға айналуы 1. 1917 жылы Ресейдегі әйелдер көтерілісінен кейін (8 наурыз) Кеңес үкіметі бұл күнді ресми мейрам деп жариялады. 2. 1921 жылы Кеңес Одағы “8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні” деп бекітті. 3. 1965 жылы КСРО-да бұл күн демалыс күні ретінде жарияланды. III. 8 Наурыздың Қазақстандағы орны 1. Қазақстанда 8 Наурыз Кеңес заманынан бері тойланып келеді. 2. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан бұл мерекені сақтап, мемлекеттік мереке ретінде бекітті. 8 НАУРЫЗДЫҢ ИДЕОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ Тәлімдік мәні 1. Әйелдерді, аналарды құрметтеуге шақырады. 2. Отбасы бірлігін, ана махаббатын дәріптейді. 3. Қоғамдағы әйелдің рөлін жоғары бағалайды. Әлеуметтік мәні 1. Гендерлік теңдік пен әйел құқығын қорғайды. 2. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы үндеу айтылады. 3. Аналардың, қыз-келіншектердің қоғамдағы орнына мән беріледі. 4. Аналар мен балалардың қоғамдық ортадағы заңды құқықтарын қорғалады және насихатталады. 5. Отбасының береке бірлігі сақталып, аналар мен қыз-келіншектердің биік мәртебісі ұлықтанады. 6. Қоғамға ерекше үлес қосқан әйелдер қауымына сыйлықтар жасалады. 7. Әр отбасындағы аналардың алтын шырақтай жанып, отбасы ұйтқысы болып отырғаны дәріптеледі. 8. Ерлі-зайыптылар ортасындағы махаббат жарасымы артып, берекелі өмір сүру, отбасының бұзылмауы, бет алды ажырасып, балаларды жетім қалдырмауға жақсы жол ашады. Дәстүрлі құндылықтар жүйесіндегі орны 1. Қазақ дәстүрінде ана – отбасының алтын қазығы. 2. Әйел – өмірдің нәр берушісі, ұрпақ жалғастырушысы. 3. Бұл мереке ұлттық тәрбие тұрғысынан ананы қадірлеу мәдениетін қалыптастырады. 8 НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАМАЙТЫН ЕЛДЕР 1. Мұсылман елдері: Сауд Арабиясы, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, БАӘ және басқа да кейбір ислам мемлекеттері. 2. Кейбір батыс елдері: АҚШ, Ұлыбритания, Австралия сияқты елдерде ресми мейрам емес. 3. Азия елдері: Жапония, Қытайда бұл мереке аса кең таралмаған. ИСЛАМ ДІНІ 8 НАУРЫЗҒА ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ? Исламдағы әйелдерге құрмет 8 Наурыз Исламда әйелдерді құрметтеу – басты қағидалардың бірі. Бірақ әйелдерді тек бір күн ғана дәріптеу дұрыс емес. Құран мен хадистерде әйел-ананың мәртебесі жоғары қойылған. Құраннан дәлел: 1. “Біз insанды ата-анасына жақсылық істеуге бұйырдық… Анасы оны әлсіреп көтеріп, екі жыл емізеді. (Сондықтан) Маған және ата-анаңа шүкір ет.” (Лұқман сүресі, 14-аят). 2. “Әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар…” (Ниса сүресі, 19-аят) Хадистерден дәлел: 1. Бір адам Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Ең бірінші кімге жақсылық жасауым керек?” – деп сұрағанда, “Анаңа” – деп үш рет қайталап, содан кейін ғана “Әкеңе” – деген. (Бұхари, Муслим) 2. “Сендердің ең жақсыларың – әйелдеріне жақсы қарағандарың.” (Тирмизи, 1162) Исламда әйелдерді құрметтеу тек 8 Наурызбен шектелмейді, бұл – күнделікті міндет. Егер мереке әйелдерге құрмет көрсетудің бір түрі ретінде қарастырылса, онда ол ислам қағидаларына қайшы емес. НАУРЫЗ ЖӘНЕ ОРАЗА – 2025 ЖЫЛҒЫ ТОҒЫСУЫ 2025 жылы Наурыз бен Ораза қатар келді. Бұндай жағдай әр 33 жыл сайын қайталанады. ЕСЕПТІК ЖҮЙЕСІ: 1. Григориан күнтізбесі (күн жылы) – 365.24 күн 2. Хижри күнтізбесі (ай жылы) – 354.36 күн 3. Күн жылы мен ай жылының айырмашылығы – 10.88 күн 4. 10.88 күн × 33 жыл ≈ 359 күн (яғни, толық бір жылға жуық айырма) Демек, әрбір 33 жылда Наурыз бен Ораза дәлме-дәл тоғысады. Соңғы рет бұл құбылыс: 1. 1992 жылы болған. Келесі рет: 2. 2058 жылы қайталанады. 8 Наурыз – тарихи тұрғыдан әйелдердің тең құқығы үшін күресінің нышаны. 1. Кеңестік дәуірден бастап, Қазақстанда аналар мен әйелдерді құрметтеу күні ретінде тойланып келеді. 2. Ислам дінінде әйелдерді құрметтеу міндетті, бірақ бұл күнді ерекше атап өту – әр қоғамның өз таңдауы. 3. 2025 жылы Наурыз бен Оразаның қабат келуі – астрономиялық заңдылық, бұл жағдай әр 33 жыл сайын қайталанады.

Мақала авторы: Болат Бопайұлы

Ұқсас жаңалықтар

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Redaktor Shyn-Ar

МӘМС 30 млн теңгеден астам қаражатты желге ұшырған

Redaktor Shyn-Ar

Алматы жұртшылығы Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды

Пікір жазу