«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

«Атымды пайдаланбаңдар»: Назарбаев туыстарына қатты ренжіген

Белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» жобасына берген сұхбатында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарына қатысты ренішін білдіріп, бұрын жария болмаған жайттарды бөлісті.

Сапаралының айтуынша, Назарбаев 2014–2015 жылдардан бастап жақын туыстарына қоғамнан алшақ жүру туралы нақты ескерту жасаған.

— «Нұрсұлтан Назарбаев өз туыстарына 2014–2015 жылдан бастап: “Ештеңеге араласпаңдар, біреудің мүлкіне көз салмаңдар, біздің атымызды пайдаланып әрекет етпеңдер” – деп қатаң талап қойған», – деді Сапаралы.

Сондай-ақ ол COVID-19 пандемиясы кезіндегі оқиғаларды еске алды. Болат Назарбаевтың жұбайының қазасы мен Елбасының денсаулығы сыр берген кезең сол уақытпен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

> «Сол кездері Елбасының қатысуымен өткен бір отырыста оның інісі Болат, қарындасы Әнипа, Самат болған. Қайрат Сатыбалды сол уақытта қамауда еді. Сонда Елбасы жиналған ренішін ашық айтып, “Сендер менің атыма кір келтірдіңдер, бірнеше рет ескерттім, бірақ тыңдамадыңдар” деп қатты ашуланған», – деді дінтанушы.

Сапаралының айтуынша, Елбасы туыстарының әрекетін өзінің беделіне нұқсан келтіретін жағдай ретінде қабылдап, бұл мәселеге бірнеше рет назар аударған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ елі белгілі этнограф Болат Бопайұлын ақтық сапарға шығарып салды

Кәрім Мәсімовтің жағдайы қалыпты – Ішкі істер министрі

Тоқаевтың өкімімен Василий Лавренов вице-төраға болды

Пікір жазу