Қазақстанның сыртқы қарызы 170,5 млрд долларға жетті
Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 170,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың басымен салыстырғанда 5,7 млрд долларға жоғары.
Ұлттық Банктің мәліметінше, қарыздың өсуіне екі негізгі фактор әсер еткен:
-
төлем балансы операциялары есебінен – 3,4 млрд долларға;
-
валюталық, бағалық және өзге де өзгерістер есебінен – 2,3 млрд долларға.
Сыртқы қарыз құрылымында бастапқы өтеу мерзімі бойынша қарыздың 87,1%-ы ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) міндеттемелерге тиесілі.
Қаржы құралдары бойынша алғанда, сыртқы қарыздың негізгі бөлігін резидент еместерден алынған несиелер мен қарыздар (71,9%) құрайды. Сонымен қатар, резидент еместердің иелігіндегі борыштық бағалы қағаздар үлесі – 9,3%.