Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы өтеді. Күн тәртібінде «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбы талқыланатын болады.
Сессия жұмысына 1600-ден астам адам қатысады деп жоспарлануда. Олардың арасында Парламент депутаттары, өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері бар.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) 1995 жылы құрылды.