«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Жазғы бағыттар: Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылады

Жазғы бағыттар: Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылады
көрнекі сурет

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жазғы кезеңге 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады.

Ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі мәліметінше, кестеге жаңа пойыздар енгізіліп, кейбір бағыттар бойынша жүру жиілігі артады.

Маусымнан қыркүйекке дейін үш «Тальго» құрамы, бес стандартты пойыз және үш пойызға тіркемелі вагондар жүреді:

  • №253/254 «Астана – Достық» (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды;
  • №207/208 «Алматы – Жалаңашкөл» (Тальго) пойызы белгіленген күндерде жүреді;
  • №211/212 «Алматы – Достық» (Тальго) пойызы күнара жүреді;
  • №221/222 «Алматы – Достық» пойызы аптасына 3 рет жүреді;
  • №457/458 «Семей – Достық» пойызы күнара жүреді;
  • №459/460 «Өскемен – Достық» пойызы күнара жүреді;
  • «Алматы – Достық» бағытындағы тіркемелі вагондар күнара жүреді;
  • «Қызылорда – Достық» бағытындағы тіркемелі вагондар күнара жүреді;
  • «Павлодар – Достық» бағытындағы тіркемелі вагондар күнара жүреді;
  • №201/202 «Астана – Алматы» пойызы күн сайын жүреді;
  • №203/204 «Астана – Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.
  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның мәліметінше, қосымша бағыттар арқылы 270 мыңнан астам жолаушы тасымалданады деп жоспарланып отыр.

    Билеттерді жолға шығуға 45 күн қалғанда bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады.

    Жолаушылар үшін ақпарат алу мен кері байланысқа арналған бірнеше арна қолжетімді. Поездардың қозғалысы туралы ақпаратты tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-тақтадан, сондай-ақ 1433 колл-орталығына немесе +7 776 714 5686 нөмірі арқылы WhatsApp чатынан білуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының 4 ауданы бұрынғы уақыт белдеуіне көшті

Redaktor Shyn-Ar

«55 мың теңге – бір айға емес, бір күнге де жетпейді!»:Қазақстанда миллион адам кедейлік шегінде өмір сүреді

«Қауіпсіздік жоқ»: Аймағамбетов мектептегі олқылықтарды айтты

Пікір жазу