«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Туу көрсеткіші құлдырады: Ауыл мен қалада да балалар саны азайып жатыр

Соңғы 11 жылда бала туу көрсеткіші айтарлықтай азайған
көрнекі сурет

2025 жылы Қазақстанда 77 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Бұл туралы бұған дейін Бірінші кредиттік бюро (БКБ) хабарлаған еді.

Ведомство дерегінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға төмен. Сонымен қатар, бұл – 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш.

Аман-есен дүниеге келген нәрестелер саны да айтарлықтай азайған. Соңғы 11 жыл ішінде бұл сан 90 мыңнан төмен болмаған еді. Алайда 2025 жылы барлық өңірде туу көрсеткішінің төмендеуі байқалды. Ең қатты құлдырау Ақмола (–22%) және Жетісу (–20,1%) облыстарында тіркелген.

Әдетте, жыл ішіндегі ең жоғары туу көрсеткіштері үшінші тоқсанда тіркеледі. Бұл үрдіс әсіресе 2020 және 2021 жылдары айқын байқалған болатын.

Ауылдық жерлерде жағдай одан да күрделі – туу көрсеткіші 18,1 пайызға төмендесе, қалаларда бұл көрсеткіш 14,2 пайызды құраған.

Жалпы туу коэффициенті де төмендеді – қазіргі таңда бұл көрсеткіш 15,39-ды құрайды. Бұл – 2024 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2,94 пунктке аз.

Сондай-ақ, қайтыс болғандар саны да 7,2 пайызға азайып, 31 мың адамды құрады

Ұқсас жаңалықтар

Діни алауыздық тудырған 4 қазақстандық ұсталды

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Пікір жазу