«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСотСпорт

1 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған бұрынғы спорт вице-министрі Қожағапановқа сот үкімі шықты

1 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған бұрынғы спорт вице-министрі Қожағапановқа сот үкімі шықты
ашық дереккөзден

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзоваға қатысты үкім шығарды. Олар 1 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сотқа тартылған.

Қожағапанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған осы мерзім ішінде басшылық қызмет атқаруға және мемлекеттік наградаларды иеленуге тыйым салынды.

Көккөзова сеніп тапсырылған қаржыны жымқырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды және 7 жыл бойы басқарушылық қызметтерден шеттетілді.

Айыптаушы тарап Қожағапановқа 7 жыл, Көккөзоваға 8 жыл жаза сұраған. Алайда сот жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, жазаны жұмсартты.

Ұқсас жаңалықтар

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді

Redaktor Shyn-Ar

Алматыдағы марафонда екі адам көз жұмды: министр мәлімдеме жасады

Redaktor Shyn-Ar

Алматыда үш бірдей қаржы пирамидасы әшкере болды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу