2025 жылғы 1 маусымнан бастап Алматыда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы ұсынған жобаға сәйкес, 1 киловатт-сағаттың шекті бағасы ҚҚС-сыз 38,66 теңге болуы ықтимал. Қазіргі тариф – ҚҚС-пен 30,9 теңге.
Болжамды тарифтер (ҚҚС-сыз):
Халық үшін – 29,52 теңге
Тұрмыстық емес тұтынушыларға – 38,66 теңге
Мемлекеттік мекемелерге – 111,72 теңге
Тұтыну көлеміне қарай дифференциалды тарифтер:
1-деңгей – 26,80 теңге (қазір – 25,6)
2-деңгей – 35,42 теңге (қазір – 33,11)
3-деңгей – 44,28 теңге (қазір – 41,39)
Бұл өзгерістер әзірге жоба күйінде және Табиғи монополияларды реттеу департаментінің сараптамасынан кейін ғана бекітіледі.