«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясатТағайындау

Тоқаевтың өкімімен Василий Лавренов вице-төраға болды

Тоқаевтың өкімімен Василий Лавренов вице-төраға болды
ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Василий Сергеевич Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 18 наурызда Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылған болатын.

Агенттіктің төрағасы қызметіне бұған дейін еліміздің Энергетика министрлігін басқарған Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды.

Айта кету керек, осыған дейін Ғұмар Серғазин де Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: «Тарихты білу – ұлт болашағына деген жауапкершілік»

«Экс-президенттің отбасы мүшелері билікке қайта оралады» деген норма жоқ – депутат жаңа Конституция туралы

Redaktor Shyn-Ar

Фермерлер сиыр етінің бағасын келісіне 10-12 мың теңгеден сатуды ұсынды