«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Еңбек қауіпсіздігі цифрлық жүйеге көшетін болды

Еңбек және халық
ашық дереккөзден

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Оның айтуынша, министрлік тарапынан формалды бақылаудан тәуекелдерді басқаруға көшудің маңызы зор. Сонымен қатар тәуекелге бағдарланған бақылауды дамыту және еңбек қорғау саласын цифрландыру да ерекше мәнге ие.

2024 жылдан бастап Еңбек тәуекелі картасы енгізілді. Бұл өндірістік тәуекел деңгейі жоғары кәсіпорындарды автоматтандырылған режимде анықтауға мүмкіндік беретін цифрлық талдамалық құрал. Әдістеме жарақаттану көрсеткіштері, әлеуметтік аударымдар қозғалысы, кадрлардың тұрақсыздығы, кәсіподақтардың болуы және басқа да параметрлерді қоса алғанда, 23 көрсеткішті қамтиды. Жүйе енгізілген сәттен бастап жоғары тәуекел аймағынан 3 мың кәсіпорын шығарылып, 90 мыңнан астам жұмысшы қамтылды. Жоғары тәуекел деңгейі бар кәсіпорындар саны 2 589-дан 1 799-ға дейін азайды, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсартуды түрлі уәкілетті органдар – Денсаулық сақтау министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізетінін атап өтті.

Алайда бұл өлшемдер фрагментарлы сипатта жүргізіледі. Ведомстволар арасында бірізділік жоқ және біртұтас көріністі қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Еңбек жағдайларын эпизодтық өлшемдерден үздіксіз цифрлық мониторинг жүйесіне көшу ұсынылады. Зиянды және қауіпті жұмыс орындарына ерекше назар аударылады. Техникалық тұрғыдан бұл «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қосылған датчиктерді енгізу арқылы мүмкін болады. Мақсат: елдегі еңбек жағдайының бірыңғай көрінісін қалыптастыру, ведомстволар арасындағы функциялардың қайталануын жою және мемлекеттік бақылауды күшейте отырып, бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, — деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары — Тоқаев

shyn_ar_admin

Мощнейшее землетрясение в Мьянме: число погибших превысило три тысячи человек

Қазақстандық 7 футбол клубы сатылымға шығарылады

Пікір жазу