«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпарат

Басы дауға қалған Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті

Басы дауға қалған Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті
ашық дереккөзден

Көкшетау қаласы әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Айым Тұрапекова қызметке кіріскеніне бір жыл толмай жатып, өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазды. Көкшетау қаласы әкімдігі бұл ақпаратты растады. Осылайша, қала әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі лауазымы қайта босады.

Еске сала кетейік, 26 жастағы Айым Тұрапекова 2025 жылдың маусым айының басында аталған қызметке тағайындалған болатын. Жаңа кеңесшінің өмірбаяны әлеуметтік желілерде қызу талқыланған еді.

Желі қолданушылары Тұрапекованың 2015 жылы, 16 жасында, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде тәжірибеден өткен деген ақпаратқа ерекше назар аударды. Алайда бұл мәлімет кейін редакцияланып, алдымен 2019 жыл деп түзетілді, кейін мүлде алынып тасталды.

Соған қарамастан, Айым Тұрапекова мемлекеттік құрылымдарда тәжірибеден өткені рас екенін мәлімдеді. Алайда оның жеке мәлімдемелері мен ресми ақпарат арасында алшақтық байқалып, бұл жағдай жұртшылық арасында сенімсіздік тудырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түрмедегі екі мыңнан астам әйел бостандыққа шығуы мүмкін

Redaktor Shyn-Ar

Аралас неке — 18,2%: қай өңірде отбасын жиі құрады

Redaktor Shyn-Ar

Жамбыл облысында департамент басшысы пара алғаны үшін айыппұлмен құтылды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу