«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемСаясат

Келіспеушілік ушықты ма? Ресей Әзірбайжанмен байланысқа қатысты үн қатты

әскеу мен Бакудің арасындағы келіспеушілікке Ресей түсініктеме берді
ашық дереккөзден

Ресей Әзірбайжанмен туындаған дауға қатысты ұстанымын білдірді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеудің Әзірбайжанмен серіктестік қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын және Бакумен туындаған мәселелерді конструктивті түрде шешуді қолдайтынын мәлімдеді.

«Ресей мен Әзірбайжан — тарихы, бүгіні және болашағы ортақ ең жақын серіктестер, одақтастар. Солай болып қала беруі тиіс», — деді Песков журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, екі ел арасындағы кез келген келіспеушілік өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында шешілуі қажет. «Мәселелер екіжақты қарым-қатынастың жалпы рухына сәйкес, конструктивті түрде шешілуі тиіс», — деді Кремль өкілі.

Песков Ресейдің Әзірбайжанда ұсталған азаматтарына қатысты да пікір білдіріп, ресейлік дипломатиялық өкілдіктер олардың мүддесін қорғап жатқанын айтты.
«Елшіліктер мен дипломатиялық құрылымдар Әзірбайжан тарапымен тұрақты байланыста. Олар ұсталған ресейліктердің мүддесін қорғау үшін заң аясында барлық мүмкіндікті пайдаланып жатыр», — деді ол.

Даудың мәні неде?

Маусым айының соңында Ресей мен Әзірбайжан арасында дипломатиялық келіспеушілік туындады. Бұл жағдай Екатеринбург қаласында әзірбайжан диаспорасының бірнеше өкілі адам өлтіру ісі бойынша ұсталғаннан кейін басталған. Кейінірек ұсталғандардың екеуі — ағайынды Гусейн мен Зияддин Сафаров — қамауда көз жұмған. Олардың денелерінде ұрып-соғу мен азаптау белгілері бары хабарланды.

Осы оқиғалардан кейін Әзірбайжан тарапы Ресей азаматтарына қатысты қатаң шаралар қолдана бастады. Бакуде кемінде 8 ресейлік азамат ұсталды. Бұған жауап ретінде Әзірбайжанның Мәдениет министрлігі Ресейдің қатысуымен өтетін барлық мәдени іс-шараларды уақытша тоқтатқанын жариялады. Ал Екатеринбургте әзірбайжан диаспорасының басшысы да қамауға алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Китай сделал сенсационное заявление о пандемии COVID-19

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 143 мың теңгеден асты

Redaktor Shyn-Ar

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атаған сөздерінен бас тартты

Пікір жазу