«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңесті басқарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы болып табылады. Бұл кеңесті құру туралы тапсырманы Мемлекет басшысы өзі берген болатын.

Кеңес құрамына кіретіндер:

Қазақстан Республикасының Президенті (төраға);

Премьер-министр;

Сенат төрағасы;

Мәжіліс төрағасы;

Президент Әкімшілігінің басшысы;

Ұлттық банк төрағасы;

Премьер-министрдің бірінші орынбасары;

Жоғары есеп палатасының төрағасы;

Қаржы министрі;

Ұлттық экономика министрі.

Кеңестің негізгі міндеттері:

Кеңес Ұлттық қордың қаражатын пайдалану және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша Президентке кеңес беру және ұсынымдар әзірлеу жұмыстарымен айналысады. Кеңес өз жұмысын Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес жүзеге асырады.

Кеңес келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

1. Қор қаражатын қалыптастыру мен тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2. Республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің көлемін айқындайды және ұсыныстар әзірлейді;

3. Баламалы қаржыландыру көздері болмаған жағдайда аса маңызды жобалар үшін нысаналы трансферттер бөлуге қатысты ұсыныстар жасайды.

4. Жобалар сараптамасына сүйене отырып, ұлттық әл-ауқат қорының бағалы қағаздарын сатып алу арқылы ірі жобаларды қаржыландыруды ұсынады;

5. Қорға орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының және мәмілелердің тізбесін ұсынады.

6. БЖЗҚ активтерін тиімді басқару бойынша ұсыныстар әзірлейді;

7. БЖЗҚ активтерін инвестициялау бағыттарын қарайды;

8. БЖЗҚ арқылы сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін анықтауға ұсыныстар береді;

9. БЖЗҚ қызметі туралы жылдық есепті қарайды.

Президент Тоқаев кеңес төрағасы ретінде:

Кеңестің жұмысына жалпы басшылық жасайды;

Кеңес отырыстарының өткізілу уақытын және орнын белгілейді;

Кеңес отырыстарына төрағалық етеді. Ол болмаған жағдайда, бұл міндетті басқа мүшеге жүктей алады;

Кеңес мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді.

Кеңес мүшелері:

Жұмыс жоспары мен күн тәртібіне ұсыныстар енгізеді;

Материалдар мен шешім жобаларын дайындауға қатысады;

Кеңес талқылауларына қатысып, ұсыныстарын білдіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Трамп бастамашы болған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Ақылы жолдан түскен қаржы қайда жұмсалады?

Алматыда «ГАЗель» көлігі өртеніп, күлге айналды

Redaktor Shyn-Ar