«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

«Экс-президенттің отбасы мүшелері билікке қайта оралады» деген норма жоқ – депутат жаңа Конституция туралы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жаңа Конституция жобасындағы бірқатар баптарға қатысты пікір білдірді.

4 ақпанда өткен Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Конституция жобасын талқылауды күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Бұл бастаманы депутаттар қолдады. Ермұрат Бапи қоғамда қызу талқыланып жатқан Конституция жобасының 48-бабына арнайы тоқталды.

Оның айтуынша, аталған бапта Республика Президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған конституциялық кепілдіктер қарастырылған. Ал үшінші тармақшада: «Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-президентіне де қолданылады» деген норма бар. Осыған байланысты кейбір азаматтар «бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайта келуі мүмкін» деген күдік білдіруде.

Депутат мұндай алаңдаушылықты әлеуметтік желілердегі негізсіз долбар мен дабыраға теңеді.

«Өйткені экс-президент түгілі, қазіргі Президенттің де отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салатын талап 2022 жылғы 8 маусымда қабылданған конституциялық заңмен бекітілген», – деп түйіндеді Ермұрат Бапи.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы белгілі болды

Kaspi Gold картасы қызметінің тарифі 10 мың теңгеге дейін өсе ме?

Алматы облысында мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды