«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілімҒылым

Қазақстанда мектеп оқушыларының 2025 оқу жылындағы демалыс мерзімі белгілі болды

Қазақстанда жаңа оқу жылының демалыс кестесі бекітілді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған мектеп оқушыларының оқу және демалыс кезеңдерін бекітті.

Министрліктің мәліметінше, жаңа оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Ал Білім күніне арналған салтанатты жиынның өткізілу уақыты мен күні мектептердің педагогикалық кеңесі шешімімен айқындалады.

Тоқсандық және каникул кестесі келесідей:

🔹 І тоқсан – 8 оқу аптасы
Күзгі каникул: 2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша (7 күн)

🔹 ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы
Қысқы каникул: 2025 жылғы 29 желтоқсан – 2026 жылғы 7 қаңтар (10 күн)
Қосымша каникул (1-сыныптар үшін): 2026 жылғы 9–15 ақпан (7 күн)

🔹 ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы
Көктемгі каникул: 2026 жылғы 19–29 наурыз (11 күн)

🔹 IV тоқсан – 8 оқу аптасы
Оқу жылының аяқталуы: 2026 жылғы 25 мамыр

Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылы дәстүрлі түрде 2 қыркүйекте басталады.

Ұқсас жаңалықтар

«Мұқағали Мақатаевты сорлы еркекке» теңеген блогерден ақынның ұлы 10 млн теңге өтемақы талап етті

Құлсарыдағы трагедия: белгісіз ер адаммен кеткен қыз өлі табылды

«Ерте ме, кеш пе – ажалы келген адам өледі»: Шыңғыс Белғожаев сотта кінәсіз жандардың сотталып жатқанын айтты

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу