«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚоғам

«Мен үшін бұл – үлкен сабақ»: Ресейлік блогер «Қазақстан» шоколадына қатысты сөзі үшін кешірім сұрады

Ресейлік блогер Михаил Гребенюк "Қазақстан" шоколадына қатысты пікірінен кейін қоғам наразылығына ұшырап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ол кешірімін Telegram-арнасында жариялаған видеоүндеуі арқылы білдіріп, өз қателігін мойындады.

- "Қай жерде, не айтатыныңды ойланып сөйлеудің маңызын түсіндім. Біз шоколадтың дәмі жайлы пікір білдірген видео жарияладық. Бірақ мен мәселенің дәмде ғана еместігін ұға алмадым. Бұл – жай ғана шоколад емес, қазақ бауырларымыздың ұлттық символы, мақтанышы мен махаббаты", – деп жазды блогер.

Ол әр адамның талғамы әртүрлі екенін, дегенмен мәдени және ұлттық ерекшеліктерге құрметпен қарау қажеттігін атап өтті.

- "Мен бұл шоколадтың артында тұтас бір ұлттың дәстүрі, тарихы, сүйіспеншілігі мен мақтанышы жатқанын көре алмадым. Бұл дәмді миллиондаған адам, әсіресе аға буын өкілдері жақсы көреді. Олар үшін бұл – балалық шақтың, күлкінің дәмі. Бұл – мен үшін аса құнды сабақ болды", – деді Михаил Гребенюк.

Блогер үндеуінің соңында әкесінің Алматыда туғанын, өзі де Қазақстанды жақсы көретінін айтып, қазақстандықтарға қазақ тілінде кешірім сұрады:

- “Кешіріңіздер мені, бауырларым мен апа-қарындастарым. Тағзым етемін және сабақ үшін алғысымды білдіремін.”

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Михаил Гребенюктің "Қазақстан" шоколадына қатысты жағымсыз пікір білдірген видеосы тараған болатын. Видеода ол:

-  "Қазақтардың шоколады бар ғой, білесіздер ме, көк түсті, барлық қазақтар келгенде сыйлыққа әкелетін. Ол шынымен дәмсіз ғой. Осы ма сіздердің кәдесыйларыңыз? Басқа беретін нәрсе таппадыңыздар ма? Сол шоколадты өздеріңіз сатып аласыздар ма өзі?" – деп айтқан.

Бұл сөздер желі қолданушыларының үлкен наразылығын туғызып, блогердің әрекеті сынға ұшырады. Көпшілік оның ұлттық өнімге қатысты сөзі құрметсіздік екенін атап өтіп, кешірім сұрауын талап еткен.

@shynar.kz4

Ресейлік блогер Михаил Гребенюк «Қазақстан» шоколадына қатысты пікірінен кейін қоғам наразылығына ұшырап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ол кешірімін Telegram-арнасында жариялаған видеоүндеуі арқылы білдіріп, өз қателігін мойындады. — «Қай жерде, не айтатыныңды ойланып сөйлеудің маңызын түсіндім. Біз шоколадтың дәмі жайлы пікір білдірген видео жарияладық. Бірақ мен мәселенің дәмде ғана еместігін ұға алмадым. Бұл – жай ғана шоколад емес, қазақ бауырларымыздың ұлттық символы, мақтанышы мен махаббаты», – деп жазды блогер. Ол әр адамның талғамы әртүрлі екенін, дегенмен мәдени және ұлттық ерекшеліктерге құрметпен қарау қажеттігін атап өтті. — «Мен бұл шоколадтың артында тұтас бір ұлттың дәстүрі, тарихы, сүйіспеншілігі мен мақтанышы жатқанын көре алмадым. Бұл дәмді миллиондаған адам, әсіресе аға буын өкілдері жақсы көреді. Олар үшін бұл – балалық шақтың, күлкінің дәмі. Бұл – мен үшін аса құнды сабақ болды», – деді Михаил Гребенюк. Блогер үндеуінің соңында әкесінің Алматыда туғанын, өзі де Қазақстанды жақсы көретінін айтып, қазақстандықтарға қазақ тілінде кешірім сұрады: — “Кешіріңіздер мені, бауырларым мен апа-қарындастарым. Тағзым етемін және сабақ үшін алғысымды білдіремін.” Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Михаил Гребенюктің «Қазақстан» шоколадына қатысты жағымсыз пікір білдірген видеосы тараған болатын. Видеода ол: —  «Қазақтардың шоколады бар ғой, білесіздер ме, көк түсті, барлық қазақтар келгенде сыйлыққа әкелетін. Ол шынымен дәмсіз ғой. Осы ма сіздердің кәдесыйларыңыз? Басқа беретін нәрсе таппадыңыздар ма? Сол шоколадты өздеріңіз сатып аласыздар ма өзі?» – деп айтқан. Бұл сөздер желі қолданушыларының үлкен наразылығын туғызып, блогердің әрекеті сынға ұшырады. Көпшілік оның ұлттық өнімге қатысты сөзі құрметсіздік екенін атап өтіп, кешірім сұрауын талап еткен.

♬ оригинальный звук — ShynAr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Каспий теңізін кешенді зерттеуге 305 млн теңге бөлінді

Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр – ІІМ вице-министрі жауап берді

Redaktor Shyn-Ar

Басы дауға қалған Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті